Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік оқушыларға ПД-да ашық есік күні ұйымдастырылды

Шымкенттік оқушыларға ПД-да ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылуына 30 жыл толуы қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен қалалық мектептің оқушыларына ашық есік күні өткізілді. Шара аясында балаларға мұражай меңгерушісі Гүлнәр Қожамжарова ІІО-ның құрылу тарихын айтып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары туралы және ішкі істер органдарында осыған дейін басқарған генералдардың фотосуреттерін көрсетіп, олар туралы қысқаша мәліметтермен бөлісті.

Оқушылар мұражайдағы фотосуреттер, соғыс жылдарындағы құжаттар, сарбаздардың фляжка мен котелкаларын, кобураларды, офицерлік белдіктерді тамашалады. Сондай-ақ, жедел-тергеу жұмысында, криминалистикалық практикада, байланыста, мемлекеттік автоинспекцияда алып жүретін және жылжымалы радиостанциялар, мегафондар, лупалар, бағдаршамдар, радарлар, телефон аппараттарымен танысты.

Тәуелсіз Қазақстан тарихына арналған жаңа залда музей қорын сақтаушы қарулар қойылған көрмені көрсетті. Бұдан әрі Жедел басқару орталығына барған балаларда ерекше қызығушылық туындады. Онда оқушылар бейнебақылау камераларының көмегімен бүкіл қаланы көре алды. Болып жатқан оқиғаларға құмар оқушылар экрандарды мұқият қадағалады. Балалар тәртіп сақшыларына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Мұндай шаралар жас буынға тарихты тереңірек біліп, полиция қызметімен танысуға мол мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру