Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер 80 адам жиналған тойды тоқтатты

Шымкенттік полицейлер 80 адам жиналған тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының полицейлері К.Тленшин көшесі №1/1 үй мекенжайында орналасқан «Олжа» тойханасы карантиндік талаптарды бұзып, сенбі күні сағат 13:00-де 80 адамнан қонақ шақырылған асатын мерейтой өткізіп жатқанын анықтады.

Сонымен қатар қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру