Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер ауылда табылған бомбаны залалсыздандырды

Шымкенттік полицейлер ауылда табылған бомбаны залалсыздандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген кезінде гранатаға ұқсас затты тауып алған. Кейін болған жағдайды Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне хабарлады.

Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ-ның полиция қызметкерлері шақырту болған жерге шұғыл барды. Тексеру барысында тәртіп сақшыларымен қара түсті граната анықталып, қоршауға алынып, залалсыздандырылды.

Шымкент қаласының ПД жарылғыш затты тапқан кезде одан алыстап, ықтимал қауіп туралы айналадағы азаматтарға ескертіп, дереу полицияға “102” телефоны бойынша хабарлауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру