Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер балалар үйіне барды

Шымкенттік полицейлер балалар үйіне қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е. Жумаханбетов және полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін әдеттегідей қуантты.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы мерекелік сый-сыяпат, яғни спорттық киімдер мен спорттық ойыншықтар апарып, мерекемен құттықтады. Осылайша тәртіп сақшылары балалардың мерекелік әсерлерін сезіну үшін өз үлестерін қосып, қайырымдылық көрсетті.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру