Шымкенттік полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған жасөсіпірімді құтқарды
Шымкенттік полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған жасөсіпірімді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің Жаңа шахар стационарлық полиция бекетіне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Тұрғынның айтуынша, көпқабатты үйдің бесінші қабатынан белгісіз жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болып, шатырда отырғанын көрген. Аталған жайт 28 қыркүйек күні сағат 13:20 шамасында орын алған.
Бұл жағдайға бей-жай қарамаған тәртіп сақшылары дер кезінде оқиға орнына жетіп, шатырда отырған жасөспірімді сөзге тартып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асырды. Осы оқиға полицейдің бейнежетонына жазылған.
Сондай-ақ полицейлер жасөспірімнің өмірін сақтап қалумен қатар, дәрігерлер мен психологты шақыртып, қажетті шараларды қабылдады.