Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер дүңгіршектен телефон ұрлаған әйелді анықтады

Шымкенттік полицейлер дүңгіршектен телефон ұрлаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзінің телефон сататын дүңгіршегінде болғанында сөреде тұрған Samsung ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгегені құраған.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Полицейлер арызданушыдан, көрген-білгендерін жауап алды. Бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары телефон ұрлаған әйелді бір тәулікте қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру