Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер кафеде шу шығарған тұрғыннан есірткі тапты

Шымкенттік полицейлер кафеде шу шығарған тұрғыннан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 ақпанда Шымкент қаласы Полиция департаментінің “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын көмек сұрап хабарласқан. Оның айтуынша, кафеде мас ер адам шу шығарып, қонақтардың мазасын алған. Түскен хабарламаға шұғыл ден қойылып, ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері шақыртуға барған.

Аталған мекенжайға тез арада жеткен тәртіп сақшылары “102” арнасына хабарлама берген азаматпен жолығады. Мән-жайды сұрастырып, жедел іс-әрекет жүргізу барысында кафеде ішімдік ішкен мас халдегі азамат анықталған.

Тұрғынның жеке басын анықтау барысында күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті зат бары белгілі болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, айғақты зат ретінде есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті зат тәркіленіп алынды.

Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ер адам Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру