Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.30 тамызында түнгі сағат 02:30-да Дулати көшесінде орналасқан «Паладиум» кафесі карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру