Шымкенттік полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуде
Шымкент қаласында мерекелік түн тыныш өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл түнінде қала бойынша полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызмет етті.
Жедел басқару орталығының инспекторлары көшелердегі жағдайды бақылап, қала аумағында тәртіпті қамтамасыз етті. Кезекші нарядтар келіп түскен барлық қоңырауларға жедел ден қойды.
Мегаполистегі жағдай қалыпты. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері
алдағы демалыс күндері де күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.