Шымкенттік полицейлер мүгедектер арбасын ұрлаған күдіктіні анықтады
Шымкенттік полицейлер мүгедектер арбасын ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 2021 жылы 6 тамызда сағат 23:30-да үйінің алдынан құны 50 мың теңге тұратын мүгедектік арбасын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.