Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын қолға түсірді
Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, үйінде тұрған құны 40 000 теңге тұратын калонкасын қолды қылғанын көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторларымен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Іс-шара барысында ұрлық жасаған ер адам анықталып, ұсталды.