Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын ұстады
Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қазанда Шымкент қаласы Абай АПБ-ның кезекші бөліміне тұрғыннан арыз түсті. Ер адам сол күні белгісіз біреулер оның пәтерінен ақшасы бар әмиянды ұрлап әкеткенін хабарлады. Материалдық шығын көлемі 700 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол жергілікті жердің 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Күдіктінің айғақтары бойынша, домофон жұмыс істейтін көппәтерлі тұрғын үйге ол өзін үйдің тұрғыны ретінде таныстырып, кедергісіз кірген. Ер адам барлық пәтерлердің есіктерін кезекпен тартып көрген. Есігі ашық үйге кіріп, ер адам кіреберісте қалған әмиянды ұрлап кетті. Күдікті ұрлық жасағаннан кейін бірден әмияннан құтылып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.
Ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін тәртіп сақшылары ауланы аралап, ықтимал куәгерлерден жауап алып, қылмыс жасалған үйдің жанында орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.