Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қалада заңсыз жүрген 4 шетелдікті анықтады

Шымкенттік полицейлер қалада заңсыз жүрген төрт шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ көші-қон заңнамасынан туындайтын міндеттерді қамтамасыз ету мақсатында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз жұмыс жасап жүрген төрт шетелдікті анықтады.

Анықталған адамдарға тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша шара қолдану үшін тиісті құжаттарды жинақтап, сотқа жолдады.

Айта кетейік, «Заңсыз келуші» іс-шарасының үш тәулігінде қала бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және республикадан кету ережелерін бұзған жалпы 300 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру