Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын анықтады

Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 16 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында қоғамдық көлікке отырып, аялдамадан түскенде қол сөмкесінде болған әмиянын белгісіз адам ұрлап кеткенін көрсеткен. Әмиянның ішінде ақша, банк картасы және жеке куәлігі болған. 

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру