Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын бір тәулікте ұстады

Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын бір тәулікте ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында қалалық қоғамдық көлікте қалтасындағы Samsung маркалы ұялы телефонын белгісіз біреудің қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 190 мың теңгені құрады.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері «ізін суытпай» қалта ұрысын бір тәулікте қала аумағынан қолға түсірді. Ол 30 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру