Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын қолға түсірді
Шымкенттік полицейлер қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 желтоқсанда Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда қоғамдық көлікте белгісіз тұлға қалтасында тұрған Samsung ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.