Шымкенттік полицейлер қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады
Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан шілде айына дейінгі аралықта рейдтік іс-шаралар өткізу барысында қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады.
Осы ретте тәртіп сақшылары құқықбұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.