Шымкенттік полицейлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда
2020 жылдың 10 айында Шымкент қаласының полицейлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 23 610 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың 10 айында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет өткеру кезінде 23 610 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
2 654 азамат ұсақ бұзақылығы, 8 000 азамат қоғамдық орындарда темекі шеккені, 1 235 азамат кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны, 3 298 азамат белгіленбеген орындарда сауда жасағаны, 372 азамат тыныштықты бұзғаны, 4 349 азамат қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.