Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер құрылыс заттарын ұрлаған ер адамды қолға түсірді

Шымкенттік полицейлер құрылыс заттарын ұрлаған ер адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз біреу құрылыс нысанынан жалпы құны 500 мың теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлағанын көрсеткен.

Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.

Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, ұрлық қылмысының тез арада ашылуына өз септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру