Шымкенттік полицейлер сенбілік өткізді
Шымкенттік полицейлер сенбілік өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты. Іс-шара 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай өткізілді.
Тәртіп сақшылары полиция ғимаратының ауласын тазартып, мекемеге қарасты сыртқы аулаларды түгелдей реттеп шықты.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Тазалық жұмыстарын жүргізу Шымкент полицейлерінің назарынан тыс қалған емес. Тәртіп сақшылары ауланы сыпыру, ағаштың түбін қопсыту, гүл отырғызатын орындарды әзірлеу, сырлау сынды бірлескен жұмыстарды бір кісідей атқаруда.
Күн сайын көркейіп келе жатқан мегаполистың ажары оның тазалығына да тікелей байланысты. Полиция тарапынан бастау алған игі бастама әрі қарай да өз жалғасын таппақ.