Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер студенттерге нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді

Шымкенттік полицейлер студенттерге нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкентте мүдделі қызметтердің қатысуымен білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

​Политехникалық колледжде өткен іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков қатысты.

Тәртіп сақшысы студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін заңда белгіленген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті. Бұл туралы нақты мысалдар келтіріп, орынсыз тәуекелдің салдары ауыр болатынын ашып айтты.

​Одан бөлек, жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, бос уақытын тиімді пайдалануға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру