Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады
Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам дүкенде тұрған сөмкесінің ішінен ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған адам анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.