Шымкенттік полицейлер төл мерекелерін балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге өткізді
Шымкенттік полицейлер төл мерекелерін балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтың бастамасымен департаменттің жеке құрамы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұмытылмас жазғы демалыс ұйымдастырды.
Полиция қызметкерлері “Машат” сауықтыру лагерінде демалыс күндерін өткізіп жүрген балаларға күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында полицейлер балаларға арнайы қызметтік даярлығын көрсетіп, концерттік бағдарлама мен қуыршықтар театрының қойылымын ұсынды. Сондай-ақ олар үшін футбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері арнайы дайындаған мерекелік концерт қойды. Балалар ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті.
Айта кететін ақпарат, іс-шарада №4 балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсуге жолдама берілді.