Шымкенттік полицейлер түнде жүрген 10 жасөспірімді анықтады
Шымкенттік полицейлер түнде жүрген 10 жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандарды алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну жайттарын, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі және ойын-сауық орындарға баруын анықтау және жолын кесу. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу де осы шараның аясында анықталады.
1 ақпанда жүргізілген рейдтік іс-шара барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдердің қарауынсыз ойынханада жүрген 10 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырып, жауапкершілікке тартылды. Ойынхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-тармағы (Кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейiн заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шара қолданылды.