Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрғындары алдаған алаяқты құрықтады

52 жасар ер адам бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, оларға тұрғын үй алуға, үй кезегін қысқартуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге уәде беріп, алаяқтық жолымен ақшаларын иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған адамның жеке басын анықтап, ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған 52 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат қамауға алынды.

Аталған 3 жайт Шымкент қ. ПД Абай АПБ-ның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақ болуға және күдік тудырған азаматтарды байқағанда тез арада полицияға «102» сымтетігі арқылы хабарлауға кеңес береді. Бұл полиция қызметкерлеріне алаяқтарды ізін суытпай ұстап, олардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру