Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрғыннан қару мен оқ-дәрілер тәркіледі

Шымкенттік полицейлер тұрғыннан қару мен оқ-дәрілер тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

13 наурызда сағат 19.00 шамасында ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақты патрульдеу барысында күмән тудырған Niva көлігін тоқтатқан. Көлікті қарау кезінде жүк салғыш бөлігінен қаруға ұқсас зат және оқ-дәрілер мен аңшылыққа арналған құралдар анықталды.

Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар берді. Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін тұрғын Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға беріледі. Айта өтетін ақпарат, қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру