Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрғынның қалтасынан марихуана тапты

Шымкенттік полицейлер тұрғынның қалтасынан марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 желтоқсан күні сағат 22:37 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты қадағалау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқап, тоқтатады. Оның жеке басын анықтау барысында қалтасынан ақ қағазға оралған өсімдік тектес кептірілген хош иісті есірткіге ұқсас заты анықталып, айғақты зат ретінде алынды.

Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 1,25 граммға жуық “марихуана” екені анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру