Шымкенттік полицейлер үйден алтын бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен күдіктіні ұстады
Шымкенттік полицейлер үйден алтын бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйіне терезе арқылы заңсыз кіріп, жалпы құны 1 600 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдары мен 26 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.