Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жасөспірімді суицидтен құтқарды

Шымкенттік полицейлер жасөспірімді суицидтен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға ағымдағы жылдың 19 қазанында орын алған. Түнгі сағат 22:00 шамасында анасы кешке үйінен шығып кеткен қызының Whatsapp желісінен көпірден секіргісі келетіні туралы жазбасын көрген. Дереу қаладағы көпірлердің біріне барып, өзі іздеуге кіріскенімен, нәтиже болмағандықтан, «102» арнасына хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің 754-автоэкипажының 2-рота​ қызметкерлері хабарламаны қабылдап, өз аумақтарына жақын жердегі көпірлерді қарау барысында көпірдің жиегінде тұрған адамды көрген. Полиция аға лейтенанттары​ А.Ғани, А.Мамедалиев, І.Байтұрған  көпірден секіруге ұмтылып тұрған қыз бала екенін байқаған. Тез арада жанына жақындап, қызды әңгімеге тартып, сабырға шақырып, қауіпсіз жерге шығарып алады. Содан соң 102-ге хабарласып, қыздың аман-есен табылғаны туралы мәлімдеген.

Осылайша, қыз анасына аман-есен табысталды. Анасы тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізіп, алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру