Шымкенттік полицейлер жасөспірімге ұрланған велосипедін қайтарып берді
Шымкенттік полицейлер жасөспірімге ұрланған велосипедін қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 9 маусымында Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында жасөспірім ұлының велосипед айдап жүрген кезінде белгісіз адам сеніміне кіріп, мешітке барып келейін деп, велосипедін алаяқтық жолмен алдап алып кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Велосипед иесіне қайтарылды. Тексеру амалдары жүргізілуде.