Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған 2 бас жылқыны тапты

Шымкенттік полицейлер жоғалған екі бас жылқыны тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласы “Пахатакор-2” шағынауданында жайылымда жүрген құны млн теңге тұратын 8 жасар бас биесін және құны 250 мың теңге тұратын алты айлық бас тайын белгісіз жағдайда жоғалтып алғанын жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №64 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мал табылып, иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде тұрғын жоғалған малын тауып берген полиция қызметкеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру