Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды
Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментіне 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған.
Айтуынша, баласымен серуенге шығып, көз жазып қалған. Бір сағаттай уақыт ата-анасы өз бетінше іздеген, таппаған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жақын маңдағы көшелердің барлығы қаралды.
Нәтижесінде, жоғалған бала үш сағат ішінде аман-есен табылды. Белгілі болғандай, бала ойынға беріліп ата-анасынан ұзап кетіп, адасып қалған. Тәртіп сақшыларының мінсіз қызметіне риза болған қала тұрғыны алғысын білдіріп, полицейлердің жұмысына сәттілік тіледі.