Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлерге психологиялық семинар сабақ өткізілді

Шымкенттік полицейлерге психологиялық семинар сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің психолог мамандары аудандық Полиция басқармаларының және жылдам қимылдайтын арнайы жасағы мен патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен «Төтенше жағдайлар кезінде ІІО қызметкерлерін қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдарға психологиялық дайындау» тақырыбында семинар сабақ және тренингтік жаттығулар кешенін өткізді.

Аталған семинарда қоғамдық тәртіпсіздікке алып келетін және наразы топтармен қарым-қатынасқа түсетін қызметкерлерге психологиялық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері айтылып, төтенше жағдай кезінде жылдам қимылдап, іс-әрекет етуге бағыттайтын тренинг-жаттығулар жүргізілді. Сабақ барысында қызметтік-жауынгерлік дайындық түсінігі, полиция қызметкерінің жауынгерлік әзірлігі үшін дамыту керек психоэмоционалдық қасиеттер, көрнекі байланыс және бақылау әдісі, төтенше жағдайларда қызмет атқару кезінде ІІО қызметкері қандай психоэмоционалдық қиындықтарға тап болуы мүмкін және шығу жолдары, психикалық өзін-өзі реттеудің экспресс әдістері турасында мәліметтер айтылды.

Сонымен қатар, экстремалды жағдайларда қызметкерлердің мінез-құлқына әсер етуіне қарай жауынгерлік-психикалық жай-күйлері мен төтенше жағдайларда қимылдауға ықпал ететін қасиеттерді қалыптастыру, психологиялық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында тыныс алу, мазасыздық пен қорқыныш деңгейін төмендету, ауырсынуды дем шығару арқылы жою, бас ауруын шешу, жүрек ауруын жеңілдету, бұлшық етті созу, шығу, сыну кезінде ауырсынуды жою, террорист, психологиялық босаңсу бойынша экспресс жаттығулар кешені жүргізілді.

Қызметкерлер психологиялық сабаққа белсене қатысып, ерекше әсер алды. Сондай-ақ, семинар соңында өз ойларын ашық білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру