Шымкенттік психолог-полицей, көп балалы ана марапатталды
Шымкенттік психолог-полицей, көп балалы ана марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының инспектор- полиграфологы Айгерім Исаева Ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Айгерім Абубакирқызы – бүгінгі таңда психология мамандығымен бірге қоғамның қауіпсіздігі мен халықтың тыныштығын қамтамасыз ету саласында ерлермен бірге тең дәрежеде жұмыс жасап келеді. Жалпы, психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы, қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болу керек. Құқық қорғау саласында психолог мамандығы аса қажет.
Айгерім Абубакирқызы қызметте погон таққан сақшы болса, отбасында нәзік жанды жар, мейірімді ана. Түзде темірдей тәртіпке бағынған полицей ару – үйде төрт қыздың анасы. Жолдасы Мәди Төреқұлов екеуі Сабина, Камила, Ясина және Раяна есімді төрт қызғалдақты өсіріп, тәрбиелеп келеді.
Мереке қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан алғыс алды. Бұл да өз еңбегінің жемісі.