Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік студенттерге нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкенттік студенттерге нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, жастарды спортқа баулу мақсатында студенттермен кездесу өтті.

Аталған жиынға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Балжан Манабаева қатысты.

– Нашақорлық – ғасыр індетіне айналған өткір де өзекті мәселе. Ол тек медициналық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да көкейтесті дертке айналып отыр. Себебі есірткіге тәуелді он адамның тоғызының іс жүзінде жазылып кетуі екі талай. Оны пайдаланушылардың басым бөлігі 18-30 жас аралығындағы жастарды құрайды. Өкінішке орай, соңғы уақытта есірткіге тәуелділердің қатарында балалар мен жасөспірімдер де кездесуде. Осы тұрғыда полиция қызметкерлері және жастар жөніндегі құзырлы орган өкілдері есірткі қылмысының, атап айтқанда оны пайдалану, сату, жарнамалау жұмыстарының алдын алу және оны болдырмау мақсатында үздіксіз профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырамыз, – дейді Балжан Манабаева.

Айта кетейік, жиынға сондай-ақ Шымкент қаласы Әкімшілік басқармасы мен денсаулық саласының мамандары және спорт шеберлері қатысты. Сөз соңында жастар арнайы мамандарға өз сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру