Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тәртіп сақшылар джиу-джитсудан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Шымкенттік тәртіп сақшылар джиу-джитсудан Азия чемпионатында жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17-18 тамыз аралығында Шымкент қаласында джиу-джитсудан өткен ересектер арасында Азия чемпионатында қалалық полиция департаменті оқу-жаттығу взводының саптық бөліністерінің инспекторы Маханбет Нұржан 93 келі салмақ дәрежісінде күресіп, лайықты өнер көрсетіп, жүлделі бірінші орынға ие болды.

Сонымен қатар әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде Шымкент қаласы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Анарбай Айжан бақ сынасты. Бабы бен бағы қатар шапқан Айжан да жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру