Шымкенттік тұрғын азаматтық некедегі әйелінің атынан онлайн несие рәсімдеген
Шымкенттік тұрғын азаматтық некедегі әйелінің атынан 2 млн. теңге онлайн несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пәтеріне келіп, ұялы телефонын иемденіп, атынан жасырын түрде онлайн несие рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі 2 млн. теңгені құраған.
Арызданушы ұялы телефонындағы қосымшаға несие бойынша келген хабарламаны көріп, өзіне заңсыз несие рәсімделгенін біліп, полицейлерге жүгінген.
Хабарды алған Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде күдікті қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған ер адам алынған несиені өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.