Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын баласын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Шымкенттік тұрғын баласын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын баласының жоғалғаны туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, қызы үйден шығып, қайта үйіне оралмаған. Аталған жайт бойынша хабарламаны алған бойда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Үйдің маңындағы аулалар тексеріліп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырған. Нәтижесінде, полицейлер жасөспірімді тауып, аман-есен ата-анасына табыстады.

Жоғалған баланың анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтты.

– Қызым далаға шығып кетіп, біраз уақыт жоқ болған соң Қаратау ауданы Полиция басқармасына хабар бердік. Баламызды аман-есен тауып берген полицейлерге алғыс айтамын. Қазір қызымыз дін аман қасымызда. Көп рақмет, – деп тұрғын ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру