Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 2 млн теңгесінен айырылды

Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 2 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер алуға қолғабыс етемін деп тұрғындардан қаражат алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкентте орын алды.

28 желтоқсан сағат 09:30-да Әл-фараби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында сырттай танысының Шымкенттің аумағынан кезексіз әрі аз уақыттың ішінде пәтер алып беремін деп алдын ала 1,7 млн теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті жұмыссыз, бұрын-соңды істі болмаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру