Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды
Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына 102 нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы мемлекет тарапынан берілетін пәтер алып беремін деп сеніміне кірген. Алайда аталған пәтерді алу мақсатында кепіл ретінде 900 мың теңге салып, алаяқтық жолмен алданып қалғанын жазып көрсеткен.
Абай ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.