Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын тамаққа тапсырыс беремін деп ақшасынан айырылды

Шымкенттік тұрғын тамаққа тапсырыс беремін деп ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

30 қазанын күндізгі сағат 12:35-те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында екі жылдан бергі танысы «арнайы мәзір арқылы тамаққа тапсырыс беремін» деп ұялы телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасы арқылы 500690 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді.

Ол Түркістан облысының Ленгір қаласының жұмыссыз 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру