Шымкенттік тұрғын ұрлық жайтын ашқан полицейге алғыс айтты
Шымкенттік тұрғын ұрлық жайтын ашқан полицейге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, кешкі сағат 20:00 шамасында белгісіз тұлға үйіне ұрлыққа түскен. Содан үйінің алдында тұрған құны 250 000 теңгені құрайтын скутерін қолды етіп, «ізін суытқан».
Аталған хабарды алған полицейлер бірден оқиға орнына бағыт алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, ұрлық жасаған азамат қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Сондай-ақ, қолды болған скутер иесіне қайтарылды.
Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
– Мен, Усербаев Давлат Еңбекші ауданының тергеушісі полиция қызметкері Өтел Алтынай Нұрғалиқызына алғысымды білдіргім келеді. Себебі ол кісі өз жұмысының жақсы маманы десем қателеспеймін. Осыдан бірнеше күн бұрын менің скутерімді белгісіз тұлға ұрлап кеткен болатын. Содан полицияға шағымдандым. Олар ұрлаған адамды ұстап, затымды қайтарып берді. Өтел Алтынай қай кезде болсын жылы қарсы алып, мәселемді шешуге тырысады. Өзімнің тарапымнан үлкен алғысымды білдіремін. Жұмысы алға баса берсін, – деп жазған тұрғын.