Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғыннан 264 келі қарасора тәркіленді

Шымкенттік тұрғыннан 264 келі қарасора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісін анықталды.

Полицейлер Қайнар-бұлақ саяжайының тұрғыны өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдік – қарасораны ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 264 келіден асатын 1426 дана қарасора бұтасын тәркілеп алды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру