Шымкенттік жігіт бөтеннің үйіне кіріп, ақша мен алтын бұйымдарын ұрлап кетті
Шымкенттік жігіт бөтеннің үйіне кіріп, ақша мен алтын бұйымдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 28 маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам үйіне жасырын кіріп, құны 180 000 теңге тұратын алтындарын және 70 000 теңге ақшасын ұрлағанын көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрап отыр.
Тәртіп сақшылары ұрлық жайты болған мекен-жайға тез арада жетіп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, көршілерден сауалнамалар жүргізді.
Полицейлердің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ұсталғанның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.