Шымкенттік ЖҚАЖ жауынгері қоян-қолтық ұрыстан жүлделі орынға ие болды
Шымкенттік ЖҚАЖ жауынгері қоян-қолтық ұрыстан жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айының 8-10 күндері аралығында Тараз қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстың, жекпе-жек түрінен ересектер арасында Қазақстан Республикалық чемпионатында 70 келі салмақ дәрежіснде күресіп, Шымкент қаласы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Анарбай Айжан Ғанимұратқызы жүлделі екінші орынға ие болды.
Айжан Ғанимұратқызы 2021 жылдан бастап жылдам қимылдайтын арнайы жасағында қызмет атқаруда. Бұған дейін ММА бойынша спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, Азия чемпионатында жүлделі орындар иегері атанған.
Сонымен қатар 15 жыл карате, джиу-джитсу спорт түрімен айналысқан. Азия және Қазақстан чемпионы атағына ие болған.