Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенте тұрғындар карантин шектеулерін бұзып, дәмханада жиын өткізді

Шымкенте тұрғындар карантин шектеулерін бұзып, дәмханада жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.

2021 жылдың 25 мамырында сағат 13:20-да аудан аумағында орналасқан “Кәусар” кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, жиын өткізіп жатқанын анықтады. Төрт үстелде жеке-жеке 12 адамнан асатын келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтамай отырғандығы белгілі болды. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын ескермей жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру