Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі Отбасы күніне орай көпбалалы әріптесін құттықтады

Шымкенттің бас полицейі Отбасы күніне орай көпбалалы әріптесін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Сыйластық пен мейірімнің ордасы болған шағын мемлекетте тәлім беріліп, өмірлік көзқарас қалыптасады.

Бүгін осындай үйлесімділік салтанат құрған шаңырақтардың біріне қалалық полиция департаментінің бастығы Думан Таев ат басын бұрып, Отбасы күнімен арнайы құттықтап қайтты.

Шаңырақ иесі – Асылбек Жолдасов департаменттің айдауыл қызметі взводының қызметкері. Ал жұбайы Айханым Жанысбаева – кітапханашы. Екеуі де жауапкершілігі мол мамандық иелері. Отауласқандарына 15 жылға жуықтаған ерлі-зайыпты қазіргі таңда 7 ұл-қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ата-ана.

ІІО қызметкері Асылбек жұмысында жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестері арасында зор абырой мен құрметке ие. Ішкі істер саласында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Ісіне берік маман үйінде – мейірімді әке, сүйікті жар.

ПД бастығы Думан Таев көпбалалы отбасыға құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтап, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру