Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шаңғымен 3 шақырым қашықтықты бағындырған ҚАЖД қызметкері

Шахтинск қаласында өткен шаңғы жарысында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері Алдияр Тастанов 3 шақырым қашықтықты бағындырып, екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2 наурызда Шахтинск қаласында шаңғы жарысынан 3 км қашықтыққа жеке біріншілік өтті. Аталған жарысқа қатысқан Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері, бақылау қызметі бөлімінің наряд бастығы Алдияр  Тастанов екінші орынға ие болды. Бұл жетістік оның шаңғы спортына деген сүйіспеншілігін әрі қызметіндегі жауапкершілікті қатар алып жүретінін айғақтайды.

Алдияр Тастановтың спорттағы жеңісі – тек өз күш-жігерінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар оның құқық қорғау органдарындағы белсенді қызметі мен тәртіптілігінің белгісі. Құқық қорғаушы қызметкердің спортқа деген ынтасы өз қызметінің табыстылығына да әсер етуде.

Жарыстан кейін жеңіске жеткен қызметкерді әріптестері құттықтап, оған алдағы уақытта жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне тілектестіктерін білдірді.

- Спорт біздің қызметімізде ерекше маңызға ие, себебі тәртіп сақшыларынан жақсы дене шынықтыру ғана емес, жоғары моральдық жауапкершілік те талап етіледі, – деді бастықтың орынбасары Арман Кошкинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру