Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шырша» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Ақтөбе облысының ПД аумағында 2020 жылғы 15-31 желтоқсан аралығында «Шырша» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының аумағында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сатудың жолын кесу бойынша табиғат қорғау органдарына көмек көрсету мақсатында «Шырша» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Қылқан жапырақты ағаштар өсетін жерлерде бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу үшін жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру