Сібір елігін атып алған ақмолалықтар анықталды
Сібір елігін атып алған ақмолалықтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қарашада Нұр-Сұлтан-Петропавловск автожолының 291 шақырымында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында құрамында Алтынбек Накенов пен Айбек Балтабеков бар Ақмола облысы ПД Патрульдік полиция батальонының «Тұлпар-10» жасағы Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған Toyota маркалы автокөлігі тоқтатты.
Салонды тексеру кезінде патрульшілер еліктің 1 ұшасын, үш тегіс ұңғылы мылтықты тапты. Бұл ретте елікті атуға жүргізуші мен оның 36 жастағы жолаушысында қандай да бір рұқсат құжаттары болмаған.
Аталған факт ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жануарлардың түрі мен жасын анықтау үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта іс бойынша істің барлық мән-жайын объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.